17 Октябрь
19:12
Астана: 13 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 16:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Абайдың асыл әжесі Зереге ескерткіш орнатылды


Шығыстың шұрайлы мекені Жарма ауданы, Қалбатау ауылында дүбірлі той болып өтті. Һәкім Абайдың әжесі, қажы Құнанбайдың анасы Зере (Тоқбала) Бектемірқызына Жарма жұртшылығы жұмылып ескерткіш орнатты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Ұлы даланың ұлы аналары» атты іс-шара аясында жазиралы Жарма жерінде жемісін тапқан бұл шараның   ұйытқысы болған Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы. 



Бұл тойға «Құнанбай» фильміндегі Зере әженің рөлін ойнаған Жарма ауданының тумасы Нұрсипат Салықова мен «Құнанбай» фильмінің режиссері және Құнанбай рөлінде ойнаған Досхан Қалиұлы Жолжақсынов та қатысты. Аудан әкімі әртістерге көркемөнер саласындағы үлкен еңбектері үшін шынайы ықыласын білдірді. Досхан Қалиұлы Жолжақсынов,- Әлемнің сусар бұлағы, қозғаушы күші, ай мен күні аналарды жырламаған дәуір жоқ болар. «Жұмақ – аналардың табанында» деген сөз де бекер емес. Мына атқарылып жатқан ізгі істеріңіз қайырлы, құтты болғай» деген лебізін білдірді.



Мүсінді мінсіз бейнелеген суретшілер: әкелі-балалы Ертіс Исайынұлы Тәтиев пен оның ұлы Еркебұлан Ертісұлы. Олардың айтуынша, – Зере әженің тізесіне немересін отырғызу идеясы  – нағыз әже бейнесін айшықтап тұр,- Зере әже бейнесін Абай жолы эпопеясын көп оқығанымыздан болар қиналмай іске кірістік. Өткен қараша айында қолға алған жұмыс еді, енді міне, халыққа ұнап жатыр, жемісін көріп, қуанып жатырмыз,-дейді.

Дереккөз: zheruiyq.kz
нравится:    5826
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии