|    |  
19 тамыз 2019
17:13
қаз
Абайсыз қоқысқа лақтырылған 20 мың АҚШ долларын қожайынына қайтарып берген
07 тамыз 2019, 18:23 74


Абайсыз қоқысқа лақтырылған 20 мың АҚШ долларын қожайынына қайтарып берген.

Аталмыш жаға ұстатарлық оқиға АҚШ-та орын алған. 

Ер адам өзіне қажетті қаражатты үнемі үйіндегі аяқкиім жәшігінде сақтап жүрген. Күндердің күнінде ол үй жинап жүріп жәшікті қоқысқа лақтырып жібереді.

Ұзамай ер адам өзінің не істегенін түсініп, қоқысқа оралады. Десе де ол уақытта қоқыс тазалаушылар оны қайта өңдеу бекетіне алып кеткен болып шығады. 

Ер адам бекетке қоңырау соққан кезде қызметкерлер ақшаны тауып, қоймаға сақтап қойғанын жеткізген. 

Ер адам өмірде әлі адал адамдар бар екеніне күмәнданбауын өтінген.

Дереккөзі: ​120.su/


Жаңалықтар