|    |  
10 желтоқсан 2018
02:41
қаз
Әбдіжаппар Әлқожа көкбазар мен автобуста жұмыс істеген күндері жайлы айтты
13 маусым, 12:21 72
Қазір дүйім қазаққа танымал Әбдіжаппар Әлқожа өнер әлеміне келгенге дейін көп қиындықтардан өткен. Әнші оқуға түскен кезінде көкбазарда сатушы, автобуста кондуктор болған. Бұл туралы ол «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.


 
«Алматыға 2006 жылы келдім. Роза әпкемнің үйінде тұрып, кейін жалдамалы пәтерге шығып кеттім. Бойдақ ағам болатын, сол кісімен бірге тұрдым. 2008 жылы оқуға түстім. Оқып жүріп, жұмыс істеу қиын болды. №11 автобуста кондуктор болып жұмыс істегенмін. Бірақ оған шыдай алмадым. Бір апта істеп, шығып кеттім. Кейін көк базарда телефон жөндедім. Кейін асабалықпен де айналыстым. Күндіз көк базардан көргендер, кешкісін тойдан көретін. Оларға “Қосымша жұмыс, үндемеңіздер” деп қойып, тірлігімді жалғастырдым. Сөйтіп жүріп, сабаққа көңіл бөлуді де қойдым. Бірақ ақша жинадым»-деген әнші табыс пен танымалдылықтың оңайлықпен келмейтінін айтады.


 


Жаңалықтар