21 Август
16:06
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 маусым 15:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әбіләзовтің тағдыры 5 шілдеде шешіледі

 
Биылғы 5 шілдеде Францияның Лион қаласының соты қазақстандық банкирді тұтқындауға қатысты шешім шығарады.
 
Лион сотында сәрсенбі күні яғни 29 маусымда Мұхтар Әбіләзовтің адвокаттарының шағымы бойынша тыңдау өткен. Банкирдің адвокаттары Ресейге экстрадациялауды күтіп Францияда үш жылдан бері қамауда отырған оппозиционерді тұтқындаудың «ақылға қонымды мерзімі» асып кеткеніне шағымданған. Ал Прокуратура тұтқындау мерзімін ұзартуды сұраған. Бұл туралы Rfi.fr хабарлады.
 
Наурызда Лионның апелляциялық соты 53 жастағы Әбіләзовтің «қашып немесе жоғалып» кету мүмкіндігін ескеріп, оны қамаудан босатудан бас тартқан болатын. Алайда кассациялық инстанция судьяның шешімді дұрыс негіздемегеніне, атап айтқанда Әбіләзовті тұтқындау мерзімінің ұзақтығын айқындамағанына тоқталған.

Әбіләзовтің қорғаушысы Брюно Ребсток Әбіләзовті қамауда ұстау уақыты Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенциядағы «барлық ақылға қонымды тұтқындау мерзімінен» асып кетті деп есептейді.  «Мұхтар Әбіләзовтің өзіне ешқандай қатысы жоқ мемлекетте үш жылдан астам уақыт тұтқында отыруы қалыпты, заңды әрі ақылға қонымды ма?»-дейді уәжінде.

Қазақстанның бұрынғы банкирі Мұхтар Әбіләзов Ресей мен Украинаның сұрауы бойынша 2013 жылы Францияда тұтқындалған болатын. Екі елдің тергеу органдары оны ірі алаяқтық жасады және Әбіләзовке тиесілі БТА Банк қаражатын жалған компаниялар арқылы жымқырды деп айыптаған.
 
Әбіләзовтің өзі бұл істің саяси астары бар деп санайды. Оның пікірінше Париж бен Астана арасында экстрадация туралы келісім болмағандықтан Қазақстан билігі Мәскеу мен Киев арқылы қимылдап отыр.
 
2014 жылдың қазан айында Лион қаласының соты Украина мен Ресейдің экстарадциялауға қатысты сұрауын қанағаттандырған. Бір жылдан кейін бұл шешімді  Францияның премьер-министрі Манюэль Вальс бекіткен. Бірақ банкирдің адвокаты Мемлекеттік кеңесте шешімге шағым түсірген еді. Мемлекеттік кеңес әлі шағымды қараған жоқ. 

Forbes.kz
нравится:    773
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии