|    |  
15 желтоқсан 2018
18:43
қаз
Адам ағзасына қандай дәрумендердің пайдасы жоқ?
24 қыркүйек, 17:20 46

Дәрумендер мен биологиялық белсенді қосымшалар пайда әкеледі деп сеніммен қарайтын кез әлдеқашан кеткен. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, тағамнан бөлек пайдаланылатын дәумендер мен белсенді қоспалар анағұрлым тиімділік көрсетпейді екен. Ендеше, қандай дәрумендер пайдасыз, ал қандайынан бас тарту қажет емес екендігін біліп алайық.

Мультидәрумендер

Мультидәрумендік кешендердің құрамында кездесетін дәрумендерді сіз тағам арқылы да ала аласыз. Кейбір кешендерде дәрумендер құрамы дұрыс болмай, бұлар бір-бірін жойып, нәтижесінде пайдалы құрам жоғала түседі.

A, C, E  дәрумендері

Бұл үш дәрумендер жасушаларды сақтайтын оксиданттар болып табылады. Олар аурудың дамуы мен қатаюына мүмкіндік беретін бос радикалдарды байланыстырады. Бұл дәрумендерді адам ағзасы көкөністер мен жемістерден, пайдалы майлардан алуы тиіс.

В 3 дәрумені

Ұзақ уақыт бойы В3 дәрумені жүрек пен ми жұмысының сау болуын қамтамасыз етеді деп саналып келген болатын. Дегенмен, жүрек қан тамыры ауруына шалдыққан 25 000 пациенттің қатысуымен өткен зерттеу жұмыстары дәруменді ұзақ уақыт бойы қабылдау жүрек талмаларының немесе инсульттардың санының өзгеруіне алып келмейтіндігін көрсетті.

D дәрумені

«Күн дәрумені» сүйек саулығы үшін аса маңызды, өйткені ол ағзадағы кальцийдің сақталуына септігін тигізеді. Ол теріде күн сәулелерінің әсерімен синтезделеді, ал ол үшін күн сайын кемінде он минут таза ауада болу қажет. Жылдың салқын уақытында D дәруменінің жеткілікті көлемін алу қиынырақ. Сондықтан оны тамақ қоспасы ретінде қабылдауға болады.  

В 9 дәрумені

В 9 дәрумені (немесе  фолат, фолат қышқылы) тамақпен бірге жеткілікті көлемде ағзаға түспейді. Сондықтан оны қосымша тұтынған жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдер мен жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдер үшін барынша өзекті. Фолат қышқылы қанның түзілуі, жасушалардың бөлінуі және бойдың өсу процесі үшін маңызды болып табылатын В дәрумендер тобына жатады. Фолаттың жетіспеушілігі дүниеге келмеген балаларда ауытқулардың дамуына себеп болуы мүмкін.

В 12 дәрумені

Тағамға қоспа ретінде бұл дәрумен барлығына дерлік қажетті емес. Алайда оны вегетариандықтарға қабылдау өте маңызды, өйткені ол құрамында өсімдік атаулысы жоқ бірден бір дәрумен. Ол жасушалардың дұрыс бөлініп, жүйке жүйесінің саулығы үшін керек.

Дереккөзі:orthodox.od.ua


Жаңалықтар