19 Октябрь
13:09
Астана: 4 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
6 маусым 14:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адам бүйрегін сатумен айналысатын топ анықталды


Үндістан полициясы Делидегі жеке ауруханалардың бірінде адам бүйрегі заңсыз сатылатынын анықтады, деп хабарлады Би-би-си
Әзірге бұл іс бойынша Apollo Hospital-дың екі қызметкерін қоса алғанда, бес адам тұтқындалды.
Полицияның пікірінше, күдіктілер кедей адамдарды өздерінің бүйрегін шамалы ақшаға - 7,5 мың долларға дейінгі бағаға сатуға үгіттеген.
Бұдан кейін күдіктілер бұл органдарды қара базарда сатып, мол пайдаға кенелген.
Дәрігерлер бұл құйтұрқыдан хабарсыз болды деп саналады. Топ мүшелері жалған операцияға қатысушылар өз бүйректерін туыстарына берген деген жалған құжат жасаған.
Ал аурухана қылмыскерлердің құрбаны болды, дәрігерлерді алдап соқты деп санайды. Apollo Hospital полициямен ынтымақтасуға әзір екенін мәлімдеді.
Үндістанда трансплантация үшін органдар жетіспейді. Бұл қара базарда осындай органдардың пайда болуына соқтыруда. 
 
нравится:    1306
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии