18 Август
03:22
Астана: 16 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
21 сәуір 14:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адам ғұмырын ұзартатын өсімдік

Суретті түсірген Айтжан Мұрзанов

Іле Алатауында адам ағзасын жасартып, ұзақ ғұмыр сыйлайтын өсімдіктердің өсетінін бүгінде біреу білсе, біреудің білмейтіні анық. Мысалы, Алатаудың шынар биігінде кордицепс саңырауқұлағы өседі.Бұл саңырауқұлақ кез-келген елде өсе бермейді. Ал оның өзге саңырауқұлақтардан артқышылығы, адамның мерзімінен бұрын қартаймауына, қан қысымының қалыпты болуына бірден бір ем. Саңырауқұлақтың бұл түрі адам ағазасында кездесетін алуан түрлі ісікті, сары ауруды және басқа да дерттерді емдеуге өте тиімді.

Кордицепс саңырауқұлағын Алатаудың биік шыңынан тапқан әрі оның адам ағзасының жасаруы үшін керемет әсер ететінін дүниежүзіне дәлелдеген 48 жылға жуық уақыт өсімідік зерттеумен айналысып келе жатқан қазақстандық биолог –ғалым  - Абай Сағитов. Ол бүгінде Қазақ өсімдік қорғау және карантиндеу ғылыми-зерттеу институтының басшысы, биология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі.



Бұл жаңалыққа Американың, Германияның, Полшаның, Оңтүстік Кореяның, Қытайдың, әлемге танымал шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері Абай Оразұлымен тығыз қарым-қатынас орнатуға айрықша құлшыныс білдіруде. Күнделікті тірлікте ешкім соншалықты мән бере бермейтін кордицепстің артықшылығы мен кез-келген ауруға мыңда бір ем екендігі туралы Абай Оразұлы: «Осыдан біраз жыл бұрын бауырым да, бүйрегім де, асқазаным да сыр беріп, әбден мазамды алды. Ол аздай сары ауырудың «С» деген түрі де «жабысты». Тіпті жүрегімнің де мазасы болмай, ақыр соңы «шунтировние» жасаттым. Дәрігерлер көп жүрмеуге, көбірек демалуға, жүйкені шаршатпауға ақыл-кеңес берді. Тіпті ұмытшақ та болдым. Жасыратыны жоқ, Іле Алатауын жылдар бойы аралап әрең тапқан кордицепс саңырауқұлағын «нар тәуекел!» деп өзім пайдаланып, сынақтан өткіздім. Шыны керек, осы саңырауқұлақтың арқасында өмірге қайта оралдым. «Өмірге қайта оралдым» дейтінім, мен жастайымнан жылқыны жақсы көрдім, Алатаудың ойлы-қырлы беткейінде тау шаңғысымен сырғанау ермегім болатын. Ауырған соң бәрінен қол үздім. Керісінше, 200 – 300 метржаяу жүрсем ентігетінмін. Алдымен, Аллаһтағаланың арқасында, одан соң өзім тапқан кордицепс саңырауқұлағының ем-домы нәтижесінде, мен өмірге қайта келдім. Бұл – мақтанғаным немесе кордицепсті жарнамалағаным емес, шындығы осы!

Биыл алпыстан астым. Құдайға шүкір, қыста аптасына бір рет ініммен Іле Алатауының бұйрат-бұйрат жоталарынан тау шаңғысымен сырғанап, сергимін. Қызметтен қолым босай қалса, Талғарға барып, атқа мініп, бірнеше сағаттап тау-тоғайда серуендеймін. Міндетті түрде күніне он – он бес шақырым жаяу жүріп, қан таратамын. Бұл кордицепс саңырауқұлағының нәтижесі», – дейді.

Таяуда академик Абай Сағитов кордицепс саңырауқұлағынан адамның ғұмырын ұзартатын йогурт жасады. Ғалымның пікірінше, саңырауқұлақтың бұл түрі адамның ерте қартаймауына, қан қысымын қалыпты ұстауға, ағзадағы алуан түрлі ісіктерге, сары ауруға, бүйрек-бауырды, жүрек-қан тамыры, қант диабеті, тыныс алу жолдары, асқазан, жүйкенің жұқаруы т.б. ауруларды емдеуде таптырмайтын ем. Көру қабылетін де қалпына келтіруге көмектеседі. Оны адам ағзасында тромбоциттер мен лейкоциттер жетіспегенде, радиотерапия мен химиятерапия салаларында кеңінен пайдалануға да болады екен. Ал біздің білетініміз, кордицепс саңырауқұлағын Шығыстың даңғайыр ғұламасы Конфуций де, Қытай императорлары да тиімді пайдалана білгендігі тарихта жазылған.

Ал дәл осындай керемет емдік қасиеті бар өсімдік, дәлірек айтсақ, цистанхе (сайсағыз, қасқыржем) сағызы Жамбыл облысының Мойынқұм өңірінде өседі. Қазір біз бағалай алмай отырған өсімдіктің осы түріне қытайлар айрықша көз тігіп отыр.Әлі күнге дейін Қазақстанда  қолданылмай келе жатқан сағыздың осы түрі туралы Мұхаммед-Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Мұхаметғали Сарыбеков мырза:

– Мойынқұм өңірінде сексеуілмен таласа өсетін сайсағыз өсімдігінен сан түрлі тұрмыстық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді өндіруге болатынын бүгінде көпшілік біле бермейді. Бұл өсімдіктің ресми ғылыми атауы – цистанхе. Алайда зерттеуші ғалымдар арасында мұны бейнелі түрде «қазақстандық адамшөп» деп те атайды. Университет ғалымдары осы өсімдіктен косметология және фармацевтика саласында қолдануға болатын алуан түрлі өнімдер жасап шығаруды ойластыруда, – дейді.

Ғалымның пікірінше, сайсағыздың тамырын жылына тек бір рет, дәлірек айтқанда, 10 сәуір мен 30 сәуір аралығында ғана қазып алуға болады.

Өкініштісі сол, қазақстандық биолог-ғалымдар қол қусырып отырғанда ақшаға қызыққан жергілікті тұрғындарсайсағызды қазып алып, оны аздаған тиын-тебен үшін Қытайдан арнайы келген алыпсатарларға өткізіп жүр. Сондықтан барымызды бағалайық, ағайын!



Дереккөзі: "Айқын" газеті
 
нравится:    963
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии