18 Декабрь
22:40
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
16 шілде 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адам күйзеліс кезінде неге тәттіге құмар?
Америкалық ғалымдар адам күйзелген кезде неліктен тәтті жейтінін анықтады.Бұл туралы баяндаманы олар Корнелл университетінің Appetite басылымына жариялаған.



Мамандардың айтуынша, адам теріс эмоцияларды бастан өткерген кезде қышқыл тамақ жеп тұрған болса, сол көңіл күй ауанының кесірінен тамақ одан да қышқыл сияқты болып көрінеді. Сол себепті адам бұл кезде тәтті тамақ жейді. Ал оңтайлы эмоциялар пайда болып, көңіл күй жарқын болғанда жеген тәтті тамақ одан бетер тым тәтті болып көрінеді екен.
Бұл зерттеу нәтижесі 550 хоккей жанкүйерінің арасында өткізілген сауалнамадан соң белгілі болды. Оған сәйкес, жанкүйерлер сүйікті командалары жеңіліп жатқан кезде тәтті жүгеріні түк қалдырмай тауысып тастаған. Олар жеңілістің ащы дәмін неғұрлым татқан сайын қол астындағы тәттілердің бәрін жей берген. Ғалымдардың айтуынша, жанкүйерлердің сол сәтте көңіл күйлері жабырқауы салдарынан тамақтың дәмін сезінуі тым төмендеген. Енді зерттеушілер күйзелісті тамақ жеумен  «кетіруге» тырысудың семіздікке әкеп соқтыратынын алға тартуда, деп жазады informing.ruға сілтеме жасап24.kz. 
нравится:    870
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии