15 Декабрь
06:23
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
12 қазан 12:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адам мен өмір жайындағы ең үздік даналық сөздер

 
Махаббат – адамға күш береді,
Әйелді – әдемі етеді.
Еркекті – мейірімді етеді,
Жүректі – жеңілдетіп,
Өмірді – әдемі етеді!
Омар – Хайям

 
Ең үлкен бөгет - Қорқыныш.
Ең үлкен қателік – Рухы сөну
Ең қауіпті адам – Өтірікші.
Ең зұлым сезім - Қызғаныш
Ең әдемі қылық – Кешіре білу.
Ең жақсы қорғаныс – Күлімсіреу.
Ең қуатты күш – Сенім
Ең жақсы қолдау – Үміт
Ең жақсы сыйлық – Махаббат.
Омар – Хайям
 
Көз жасы – әлсіздіктің белгісі емес. Бұл адам жаны мен жүрегі бар екенінің дәлелі.
Адамның қатал болу себебі – оның бойындағы мейірімділікті кейбіреулер әлсіздік деп түсінуінен.
Сөзіңді түзесең әдетіңе айналады,
Әдетіңді түзесең мінезіңе айналады.
Мінезің, ол сенің тағдырың.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

 
Қиындық өз басыңда болмаған соң, батыл болуы оңай.
Вероника Рот

 
Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді.
Пауло Коэльо

 
Есіңде болсын: ауырлықсыз жеңілдеу болмайды, жоғалтусыз табу болмайды, сабырсыз жеңіс болмайды.
 
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хайям

 
Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді.
Конфуций

 
Көздің жасын сүрткенше, сізді жылатқан адамды өміріңізден сүртіңіз.
 
Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе.
Бернард Шоу

 
Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.
 
Сізді жақтырмайтын адамдарға назар аудармауға тырысыңыз. Себебі сізді жақтырмайтындардың екі түрі болады: ақымақтар және қызғаншақтар. Ақымақтар бірнеше жылдан соң сізді жақсы көріп кетеді, ал қызғаншақтар сіздің артықшылығыңыз қандай екенін біле алмай іштен өледі.
 
Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді.
Цицерон
 

Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес.
Қамқор өмірлік жолдас, жайлы үй және сүйікті балалары болса жеткілікті.
Бірақ көп адам осыны кеш түсінеді... Саған сенген адамдардан теріс айналма.
 
Ақылды адам өзгелердің кемшіліктерін көріп өз кемшіліктерінен арылады.
Сир Публилий
 
 
Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғытқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты.

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.
Жүсіп Баласағұни

 
Негізі ең күшті адамдар - сабырлы, салмақты адамдар.

Сіз туралы жаман ойлайтындар - сізден әлсіз адамдар. Мықты адамдар сіз жайлы ойлауға уақыттары жоқ.
Шарль Талейран
 
нравится:    97
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии