Әлем жаңалықтары
13 шілде 11:29
​Адамдарды оңай ұмытатын 5 зодиак белгісі


Адамды ұмыту – әуелі жүрексіздік пен менмендіктің белгісі болса керек. Алайда бұл ұғымның көлденең контексті де бар. Сіздің өміріңзге қолайсыздық тудырып, мазаңызды алатын адамдарды қайтпексіз? Ендеше сіздің назарға адамдарды еш қиналмай, әрі еркін босататын әрі тез ұмытатын зодиак иелерінің тізімін ұсынбақпыз:
 
5. Тоқты

Тоқтылар өз өмірінде артық әрі пайдасы жоқ дүниелерді ұстамайды. Мұның өзі олардың қандай тік мінезді келетінін көрсетеді. Егер сіз тоқтыларды өкпелетсеңіз, оның үстіне сатқындық жасасаңыз  – сол жерден тырысуды қойыңыз. Себебі тоқтылар үшін сіз – өлген жансыз. Тоқтылар бұл әрекеттің себебіне үңілу, ақталуын тыңдау дегенге уақыт жоғалтпайды да. Олар ауыр қателіктерді ешқашан кешірмейді.
 
4. Торпақ

Торпақтар тоқтыларға қарағанда парасатты келсе керек. Олар үкім шығарар алдында ұзақ толғанады. Алайда оның шешімі – кешірмеу болса әңгіме аяқталады. Ол ә дегеннен сізді барлық жерден өшіріп, ауылын алысқа ала кетеді. Одан соң Торпақтарды қайтару мүмкін емес.
 
3. Арсытан

Арыстандар – бейтарап адамдар. Олар көбіне жалғыздықты жақсы көреді. Адам көңілін қалдырғанды мүлдем ұнатпайды. Олар үнемі мақсатына тырмысып жүреді. Егер оның мақсатына кедергі адам болса ол еркін қоштасып кете береді.

2. Шаян

Шаяндар достыққа өте сақ қарайды. Тек жан-тәнімен сенетін адамдарға ғана сыр ашады. Алайда, сіз оның сеніміне нұқсан келтіретін болсаңыз, татуласыуға тырыспасыңыз да болады. Шаяндар бір кеткен сенімге қайта оралмайды. Ешқашан.

1. Суқұйғыш
 
Суқұйғыштар өте ашық келеді. Онымен араласудың өзі бір ғанибет. Алайда суқұйғыштар үшін мақсаттың бір болуы маңызды. Егер сіз оның көзқарасымен келіспесеңіз, немесе ойымен келіспесеңіз сол жерде жүгіңізді жинай беріңіз. Олар ешқашан адаммен қоштасуда қиналмайды.
 
Дереккөзі:​ Flytothesky.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика