|    |  
15 қазан 2019
01:55
қаз
Адамдарды жүрісінен қалай тануға болады?
29 қаңтар 2019, 10:35 44
Таныс-тамырларыңыздың көптігі сондай, олардың барлығының мінез-құлқын толық біле бермейтін сәттер болады. Ал жақын досыңызды бес саусақтай білуіңіз ғажап емес. Адам болмысын тануда оның жүрісі де маңызды рөл атқарады. Өз жақындарыңызды жақыннан танығыңыз келсе, төмендегіге бір көз жүгіртіп шығыңыз.


 
Тез жүретін болса... Сіздің араласып жүрген адамыңыз тез жүретін болса, ол адамның жан дүниесінде өзін мазалайтын жағдайлары көп және өзіне деген сенімділігі аз деген сөз. Тез қозғалатындықтан қызуқандылығы да бар. Қандай жағдай болмасын адамдардың бетіне тіке айтады. Өзінің бірбетпейлігінен таяқ жейтін сәттері өте көп. Көңіл-күйі ауыспалы болып келеді.
 
Асықпай жүретін болса... Бұл жандар ерекше көзге түскенді жақсы көреді және өзінен ешнәрсені аямайды. Өзінің «мені» бар адам. Қалағанын жүзеге асыра алады. Өзін қатты жақсы көреді. Махаббатқа келгенде ақша ол үшін құнды, кей кезде жолы болмайтын сәті де осы махаббаттан. Сіз үшін одан да маңыздысы жан дүниесінің рухани тазалығы екенін естен шығармаңыз.
 
Адымдап жүретін болса... Өзіне сенімді және әр нәрсе өз орнымен болғанын қалайды. Ретсіз тұрған дүниеге де көңілі толмайды. Бірқалыпты сөйлеу мәдениеті жақсы дамыған. Кез келген адамды қызықтырмай қоймайды. Бұл саланың мамандары көбінесе жоғары лауазымды адамдар екен.
 
Денесін тік ұстап жүретін болса... Бұл жандар — талғампаз және өз ойын жүзеге асыра алатын, ойындағысын еш мүдірместен айта алатындар. Тазалықты да, сұлулықты да жаны қатты жақсы көреді. Адамдардың киім үлгісіне баса назар аударады. Егер ұнамаса, айта салуы әбден мүмкін.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар