20 Август
08:02
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
15 қараша 16:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Адамдарға қажетті органдарды доңыздың ағзасында жетілдіру тәжірибесі жасалуда

 
Ұлыбританиялық ғалымдар адамдарға қажетті органдарды жануарлардың ағзасында жетілдіру тәжірибесін жасап жатыр. Әлем халқы бұның этикалық тұрғыдан дұрыс-бұрыстығын талқылап жатқанымен, ел билігі экспериментті қалай жүргізу керектігіне қатысты ресми регламентті бекітіп те қойған.
 
Жапондық зерттеуші Хиро Накаучи өз зертханасында адамның мүшесін доңыз бен қойдың ағзасында өсіру жобасын қолға алған. «Біз үш-төрт жыл бұрын тышқанның ұйқы безін егеуқұйрықтың ішінде өсірдік. Осы тәжірибені кері жасағанда да сәтті өтті. Біз екі түрлі жануардың жасушалық қоспасын алдық. Егер бұны адам мен доңызға қолданатын болса, доңыздың ішінде адамның мүшесін өсіруге болады»-дейді профессор.
 
Адамға қажетті мүшенің жасушасын жануардың жұмыртқа жасушасына орналастырады. Сонда бұл эмбрионда адамның да, доңыздың да гені болады. Мұндай эмбрионды «гибрид» деп атайды. Бұл эмбрионнан сізге қажетті бүйрек, бауыр не болмаса жүрек жетіледі. Бірақ бұның қаупі зор. Себебі доңыздан адамға түрлі ауру берілуі мүмкін. Доңыз ағзасында жетілген мүшенің қандай болатыны белгісіз әрі функциясын толық атқара алатындығына күмән бар.
 
Еуропа елдерінің көпшілігінде, Азия мен Американың көптеген штаттарында мұндай тәжірибеге тыйым салынған. Ал құпия немесе бейресми зертханалардағы эксперименттерді ғалымдар жария ете бермейді. Бейресми деректер әлемде 50-ге жуық қой мен доңызға гибридтік эмбрион салынған дейді.
 
Дереккөз: www.1tv.ru
нравится:    1650
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии