21 Август
06:55
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 шілде 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адамды тез қартайтатын тағамдар тізімі
 Адамның денсаулығына зиян келтіріп, тез қартайтын тағамдар тізімі жасалды. Бұл туралы Ана бол сайты хабарлайды.


Қант

Ағзадағы қант мөлшерінің көптігігі химиялық реакцияны топтастырады. Стресстөзімділікті азайтады, қартаю үдерісін ұлғайтады. Егер сізді үнемі тәттіге тартып тұратын болса, хром, марганец, магнийі бар тағамдар (дақылдар, асқабақ) жеңіз. Ағзадағы бір минералдың жетіспеуінің өзінен сіздің тәттіге құмарлығыңыз артады. Қант орнына одан да тәттірек, зияны жоқ стевияны қолданып көрген жөн.

Кофе

Тез сергітетін хош иісті сусын кофе зиянды тағамдар қатарында. Ол терінің құрғауына алып келіп, әжімнің ерте шығуына себепкер. Егер, одан бас тарта алмасаңыз, мөлшерін азайтуға тырысыңыз, ағзаңыздағы баланс қалпын бұзып алмау үшін кофені әр ішкеннен  кейін 3 стақан су ішіп отырған дұрыс.

Спиртті ішімдіктер

Ең зиян азықтың алдыңғы қатарында алкоголь тұр. Әжім, терінің құрғауы, бет терісінің қараюы бәрі-бәрі ішімдікке деген құмарлықтың кесірінен. Ағза алкогольді у ретінде қабылдайды және одан тез құтылуға тырысады. Спиртті ішмідіктер денсаулыққа кері әсер бергенімен қоймай, С, Е сынды теріні сақтап тұратын дәрумендерді жояды.

Тұз

Ағзаға тұз керек, алайда, күніне 1,5 грамнан көп пайдаланбаған дұрыс. Тұзды мөлшерден тыс пайдалану судың ағзада қортылуына кері әсерін береді. Сондықтан да, көздің асты ісініп, қапшық тәрізді болып қалады. Оның орнына басқа дәмдеуіштерді пайдаланып,  салатты лимон сығындысымен де әзірлеуге болады.

Грильде әзірленген тағам

Лондон ғалымдарының айтуынша, гриль тағам терінің тез қартаюына алып келеді. Грильде дайындадған тағамда зиянды молекулалар пайда болады. Оның зияны дәл қуырылып жатқандағындай болады екен. Сондықтан, егер организмге зиян болмасын десеңіз, рационда бұқтырылған, қайнатылған тағамдар болғаны дұрыс. Олардың денсаулыққа пайдасы мол.
 
нравится:    1696
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии