|    |  
15 желтоқсан 2018
02:47
қаз
Адамды жазбай тану тәсілдері
25 желтоқсан, 17:05 489
Әдетте біз көріпкелдердің, экстрасенстердің ерекше қабілетіне сеніп жатамыз. Ал шын мәнінде олардың адамды «оқуда» қолданатын тәсілдері тым қарапайым. Тек біздің сенгіштігімізді олар жақсы пайдаланады.Сонымен адамды тануда экстрасенстер қолданатын 8 психологиялық тәсіл. Оларды сіздің де қолдануыңызға болады.


  
8. Байқап қарау
 
Бұл сыртқы мониторинг. Адамның сырт келбетін жіті бақылау: киімінің қымбаттығы, бетіндегі әжімі, стилі, асессуарлары, өзін-өзі ұстауы, жаргоны және т.б.).
 
7. Барнум эффектісі
 
Мына сипаттаманы бағалаңыз:
 
«Сіз өз-өзіңізге сын көзбен қарайсыз. Пайдаланбаған әлеуетіңіздің зор екенін сезесіз. Әлсіз жақтарыңыз да бар. Бірақ оның орнын оңай толтыра аласыз. Сізге өзгерістер мен жан-жақтылық ұнайды. Шектеуден шаршап кетесіз. Ойыңыз басқалардікінен бөлектеу, ой-пікіріңіз тәуелсіз. Бір кездері ашық-жарқын бола аласыз, ал кейде  тұйық, құпиясыз. Кейде өзіңіз қабылдаған шешімге күмәнданасыз. Өз-өзіңізге деген сенімділік болашақтағы негізгі мақсаттарыңыздың бірі».
 
Дөп түстік пе?
 
Сізге осы айтқанымыздың бәрі дұрыс көрініп тұр ма?
 
Бұл шынында Барнум эффектісі.
 
Бұны психолог Финеас Барнум өзінің тәжірибелерінен қорытып шығарған. Адамдар өздеріне арналған осындай сипаттамалардың дәлдігін жоғары бағалайды. Ал шын мәнінде бұл сипаттаманы көптеген адамға қолдануға болады. Жұлдыз жорамалдар да осы Барнум эффектісімен жазылады.  
 
6. Ақылды Ганс эффектісі
 

XIX–XX ғасырларда неміс математигі Вильгельм фон Остин өмір сүрген. Оның Ганс деген аты болыпты. Ол аты математикалық тапсырмаларды шешеді екен. Қалай? Неміс психологы Оскар Пфуганст аттың тапсырманың жауабын сұрақ қойған адамдардың эмоциясы арқылы білгенін анықтайды. Осылайша көп сұрақтың жауабын білуге болады.
 
5. Тұзаққа түсіру
 
Растау сипатындағы сұрақ қою арқылы адамды аңдауға болады. Мысал үшін экстрасенс:
 
— «Сіздің басыңызда проблема бар екенін көріп тұрмын», — бұл онсызда белгілі нәрсе. Себебі басыңызда проблема болмаса сіз оған келмес едіңіз.
 
— Иә.
 
— «Олар жеке өміріңізбен байланысты ғой ?» — ал адамды шындап қинайтын мәселелер әдетте жеке өміріне, отбасына байланысты болатыны бәрімізге аян.
 
— Иә.
 
Егер экстрасенс дұрыс таппаса, бұл оның кемшілігі болып көрінбейді. Себебі ол сізге нақты ештеңе айтқан жоқ. Ол жай ғана сұрақ қойғандай кейіпте қалады.
 
4. «Сен таңдаулысың, Нео» тәсілі
 
Экстрасенстердің ерекше бір әдісі бар. Мысал үшін «Сенде өзің пайдаланбайтын бір әлеует бар. Бірақ сен оның бар екенін үнемі білетінсің» дейді.
 
Әрине, «Сен жаман адамсың» дегенді адамдар қабылдағысы келмейді.


  
3. Бытыралы мылтықтан ату
 
Бірнеше нұсқаны айту. Оның міндетті түрде біреуі дөп түседі. Оның жауабы дәл келгенде сіздің өзіңіз оның сөзін растап, сыр алдырып қоясыз.
 
2. Айтылғанды өзіңізге қабылдау
 
Экстрасенстер сіздің айтып отырған әңгімеңізбі бір ауыз сөзіңізден-ақ түсінеді. Мысал үшін Сіз:
 
— Менің жұмысын көңілімнен шығады, бірақ...
 
— Бірақ көңіліңіз толмайтын бір кемшілік бар?
 
— Дәл солай! Сіз менің ойымды оқып отырсыз!
 
Ал жұмысына толықтай көңілі толған адам экстрасенске келмейді ғой.


  
1. Жауапкершілікті алмау
 
Экстрасенстердің басым бөлігі өзіне жауапкершілік алмайды. Олар материяның нәзіктігін, ең үлкен жауапкершілік сіздің өзіңізде ғана екенін айтып, жай ғана өздерінен жауапкершілікті сырғыта салады. Сол сәтте сіз оның қандай жауабына  да дау айтпайсыз.
 
Ал енді мойындаңызшы, осылайша қанша адамның құрығына түстіңіз?
 
Дереккөз: https://www.adme.ru


Жаңалықтар