19 Август
22:44
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 шілде 17:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адамның бас сүйектерінен тұрғызылған пирамида табылды



Мексика астанасында археологтар адамның 650-ден астам бас сүйегінен және олардың бөліктерінен пирамида түрінде тұрғызылған ежелгі жерлеу орнын тапты. 

"Мехико орталығынан қазба жұмыстары барысында табылған адамның бас сүйектерінен тұрғызылған пирамида онда әйелдер мен балалардың сүйектері де қоса табылғаннан кейін Ацтектер империясының құрбандыққа шалу мәдениеті туралы жаңа мәселелерді көтерді", - деп жазады басылым.

Ғалымдар объект Эрнан Кортестің жаулап алуы кезінде испандық конкистадорларды таң қалдырған бас сүйектерден тұрғызылған қабырғалардың, яғни ірі Цомпантлидің құрамына енеді деп топшылайды.

«Пирамиданың» диаметрі шамамен алты метрді құрайды. Ол ацтектердің күн және соғыс құдайы храмының орнында тұрғызылған Мехико Кафедралдық соборының қабырғасы жанында орналасқан.

"Мұнара 1521 жылы Мексиканы жаулап алған Кортестің жанында жүрген испандық жауынгер Андрес де Тапиа атап өткен Цомпантлидің бірі болып табылатындығы сөзсіз", - деп есептейді археологтар.

Қазір 676 бас сүйек табылды, қазба жұмыстарының жалғасуына байланысты олардың саны өсетін болады.


 

Дереккөзі: КорреспонденТ
 
нравится:    428
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии