14 Декабрь
04:40
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
27 қазан 16:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Адасып Сібірге қонған қазақстандық қоқиқаздарға қауіп төнді
Қазақстан жерінен аспанға көтеріліп, адасып Сібірге қонған бір топ қоқиқазға үсіп кету қаупі төнді.



Қанаттылар Кемеров облысындағы Томь өзеніне тоқтапты. Олар адасып қалған болуы әбден мүмкін. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Кемеров мемуниверситеті зоология және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор Николай Скалон хабарлапты. Біздің қоқиқаздар түсірілген роликті жергілікті тұрғын ғаламторға жариялаған. Профессор осы ретте былай деді: «Бейнероликтегі құстардың қоқиқаз екендігі рас. Олар біздің өңірлерде жоқ. Сірә, құстар Сібірге адасып қонған болуы керек. Ал қоқиқаздар мекендейтін біз үшін ең жақын жер – Қазақстан. Олар Сібірдің үстімен ұшып өтіп, тропикалық аудандарға қыстауға жетуі тиіс еді». Мұндай жағдай бұрын сонау 1907 жылы болған екен.  «Адасқан құстар негізінен жас қоқиқаздар болуы мүмкін. Олар, көбіне, күзгі қолайсыз ауа райы кезінде тез жаңылысып қалады. Және де оларды қазір суықтан аман алып қалу үшін адамдардың көмегі керек», - деп жалғастырды әңгімесін Скалон.  Синоптиктердің мәліметінше, облыстағы күн райы 0 градустан төмендеген. Алдағы тәуліктерде оның -10 градусқа дейін төмендей түсуі ғажап емес. Қазір бұл аймақта биіктігі 11 сантиметрлік қар жатыр.

Дереккөзі: 24kz
нравится:    801
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии