19 Октябрь
16:57
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Мәдениет
6 қазан 10:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әділ Сламхан үйлену тойының видеосымен бөлісті

 
Өнердегі әнші жұп Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева 8 жыл бұрын өткен үйлену тойларының видеоларымен бөлісті. Бір қызығы күйеу жолдас Ғаділбек Жанай болса, келіннің бетін рамазан Стамғазиев ашқан екен.
 
Әділ Сламханның өзі бір сұхбатында: «Мені қатты өзгерткен – қазіргі өмірлік жарым, қыздарымның анасы – Дана ханым. Өмірімде Данадан басқа ешкімге сезімімді білдіріп көрмеппін. Данаға бір көргеннен ғашық болдым. Сол көргеннен жатақханасынан шықпайтын болдым. 2007 жылы 8 наурыз күні Дана менімен жүруге келісімін берді. Содан бір жарым жыл қыз-жігіт болып қол ұстасып, судай тасып жүріп, шаңырақ көтердік. Дінде «әйелдің төрт қасиетіне қарап ал» дейді ғой. Сол қасиеттердің барлығын бір Дананың бойынан тапқандай болдым. Аузынан Алласы түспеген текті де сұлу қыз болғанына қызықтым. Оған мінезінің биязылығын қосыңыз. Әңгімесімен, қылықтарымен мені өзіне шын ғашық қыла білді. Осы тұрғыдан алғанда алғашқы да соңғы махаббатым – Дана»-деп ағынан жарылған еді. 

 
нравится:    811
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии