13 Декабрь
13:14
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
16 маусым 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ағаштан жасалған антисмартфон пайда болды (ФОТО)
Monohm америкалық компаниясы ерекше заманауи - Runcible атты смартфонға бастапқы тапсырыстар қабылдай бастады. Құрылғы бір жарым жыл бұрын халықаралық көрмеде жария етілген. Содан бері ол жетілдіріліп, өндірістік желіге шығарылған, деп жазады The Verge басылымы.
Monohm өз аппаратын антисмартфон деп атады. Оны жасаушылардың айтуына қарағанда пішіні дөңгелек ағаштың ішіне орналастырылған Runcible адамдарды интернеттен бас тартқызуы керек. Дейтұрғанмен құрылғыда Google Play дүкеніне кіріп кез келген қолданбаны көшіріп алуға шектеу қойылмаған.
Смартфон көне қалта сағаттарына ұқсайды, әрі әкеден баладан мұраға қалдырылатын дүние, деп санайды оны жасаушылар.
Runcible құрылғысында батырмалар жоқ, сенсорлы, microUSB арқылы қуат алады. Оны басқару жүйесі де қарапайым жасалған.
АҚШ-та жаңа құрылғыға тапсырыс беру - 500 доллар тұрады. Ол қыркүйек айында жеткізіле бастайды.


​ҚазАқпарат 
нравится:    681
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии