20 Октябрь
09:31
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
26 шілде 17:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ағасы мен қарындасының орындауындағы дуэт интернет қолданушыларын тәнті етті (ВИДЕО)


Айбек Серікханов есімді студент пен қарындасы Алуаның орындауындағы «Жаңбырлы түн» әні көпшілікті тәнті етті. Жүрек тебірентіп орындаған әннің бейнежазбасымен тележүргізуші Асаубек Әйімбетов инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.

Желі қолданушылары олардың керемет дауыстарына тәнті болғандарын айтады. «Дауыстарың қандай, керемет, жарайсыңдар, жанға жайлы, тыңдай бергім келеді» деп жазады интернет пайдаланушылардың бірі.




Орындаушылардың бірі — Айбек Серікханов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті. Инстаграмдағы парақшасына 27 мыңнан астам адам жазылған. Жас әнші әлеуметтік желіге бірнеше әнін жүктепті. Соңғы уақытта қарындасы Алуамен бірге шырқаған әндерін де жүктеген.


видео А.Әйімбетовтің инста-парақшасынан алынды


Дереккөзі: tilshi.kz
нравится:    1993
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии