|    |  
15 желтоқсан 2019
20:15
қаз
Ағза картасы: дене мүшелеріңіз сіз туралы не хабар береді?
23 қаңтар 2017, 17:56 100
Адамның тұла бойы мен тұрған тұрысына қарап хал-жағдайын байқауға болады. Егер қандайда бір мәселені уайымдап, қиын жағдайда жүрсе жон арқасы еңкейе түседі.


 
Ағза инертті. Ол адамның барлық уайым-қайғысын ұзақ уақыт сақтайды. Бұл тұқым қуалауы да мүмкін.
 
Жүйке мен жадыдан жылдам кететін уайымдар болады. Ал сізді ұзақ уақыттан бері ойландырып жүрген мәселе сыртқа шығармаса осындай қиындықтарды ағзаға тарта береді. Яғни ағзадағы ауру созылмалы түрге ұласады.
 
Ағзаңыз дертсіз, яғни уайымсыз болса энергияны қабылдауы да, өткізіп жіберуі де оңай. Ағзаның әр тұсы белгілі бір түйіндерге жауап береді.
 
Аяғыңыз өмірде алдыға жүру, талпынуға жауап береді. Аяғыңыз ішке қарай басылатын болса өз жолыңызды өзіңіз жауып жүргеніңізді білдірді. Сол аяғыңыз ішке қарай басылатын болса жеке өміріңіздегі сәтсіздіктер. Егер адам маймаң жүріспен жүретін болса аузының ашық болғаны. Елдің бәріне сырын айтып қояды деген сөз. Егер отырғанда аяқтарыңызды бір бірінен алшақ қойып отырсаңыз өмірлік ұстанымыңыздың ашық болғаны.
 
Қол – адамның өзгелермен қарым-қатынасын білдіреді. Білегіне қарам мінезінің жұмсақтығын я қаталдығын білуге болады. Сараң болса қатал, жомарт болса жұмсақ мінезді болғаны.
 


Иық – адамның мойнындағы жүкті білдіреді. Қаншама міндеті мен жауапкершілігі, уайымы болса да, адам оған жеңіл қараса иығы орнында. Егер адам сол қиындықтарды еңсере алмаса иығы қуыстана түспек.
 
Мойын – өмірлік жол, күш-қайрат.
 
Ұзақ жаттығулар арқылы кез-келген синдромнан құтылуға болады. Ағзадағы бұл белгілерді де жоюға болады.
 
 Шаршағандық, әбіржу, эмоционалды мәселелер – ағзаның жоғарғы бөлігіне шоғырланады. Егер махаббат мәселесі болса жүрек пен кеуде тұсына тоғысады.
 
Егер жыныстық мәселе болса негатив жамбас тұсына жиналады.


 
Арқа – бұл толыққанды өмір негізі. Адамның жон арқасы мен омыртқасы сау болуы керек. Егер бар уайымнан арылығыңыз келсе екі иығыңыз бен басыңызды көтеріп жүріңіз.
 
Сіз «бар мәселе ойымда» деп ағзаңызға көп жағдайда мән бермейсіз. Бірақ бұл қате түсінік. Себебі миыңыз жұмыс істегенімен, ойша жаттығу жасап, «бәрі жақсы болады» дегеніңізбен денеңіз бұған ілеспесе еңсеңізді басады да тұрады.
 
 Адам нені ойласа соған жақындай түседі. Мәселен өзін бай адам есептеп, болашақ жарқын өмірін елестетсе ақша оған қарай өзі тартылады. Ақша өз-өзіңізге деген сенімсіздіктен, қорқыныштан азаяды.
 
Дереккөз: ​ econet.ru


Жаңалықтар