16 Декабрь
12:57
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
17 қараша 12:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ағзаға не жетіспейтінін қалай түсінуге болады?

Кей жағдайда өзімізге түсініксіз себептермен ащы немесе тәтті тағам жегіміз келеді, я болмаса темекі тартуға, суық сусындар ішуге құмарымыз артып тұрады. Дәрігерлер бұндай зиянды дағдылар адам азғасына бір нәрсе жетіспейтіндіктен туады деп есептейді. Мысалы...

Егер сіз майлы тағамға құмар болсаңыз, ол сіздің ағзаңызға кальций жетіспеушілігінен туындаған болуы керек. Кальций – адамның сүйек жүйесінің негізгі элементі. Ол сүйектің саулығы мен беріктігін сақтауды қамтамасыз етеді. Кальций ірімшікте, барлық сүт өнімдерінде, бұршақта, брокколиде молынан бар.

Қатты қуырылған ет, картоп және т.б.-ға әуес болсаңыз, ағзаға қарапайым көмірсулар жетіспейді деген сөз. Ондай жағдайда, алма, алмұрт және т.б. жемістер немесе көкөністер, мысалы: асқабақ, сәбіз жеген дұрыс.

Тұзды тағамға әуестенген адамдардың ағзасына хлорид жетіспеуі әбден мүмкін. Әдетте, балық немесе теңіз тұзы хлоридтің орнын толтыруға көмектеседі.

Шоколад жегіңіз келе берсе, сіздің ағзаңызда магний тапшы болуы мүмкін. Кальций мен магний қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры екенін білесіз бе? Тағам құрамында магний мөлшері кальций мөлшерінің жартысына тең келуі қажет. Магнийдің орнын толтыру үшін қарақұмық, тары, бадана, саумалдақтан жасалған тағамдар жеңіз немесе жаңғақ, пісте шағыңыз.

Газдалған сусындар ішуге құмар болсаңыз, сіздің ағзаңызға кальций жетіспеуі мүмкін. Ол үшін жоғарыда айтып кеткендей, сүт өнімдерін, асбұршақ, ең дұрысы ірімшік жеңіз.

Күндіз де түнде де тамақ жегіңіз келе берсе, шамасы, сіздің ағзаңызға тирозин жетіспейді. Тирозин печеньеде, тәтті картопта және мейізде болады.

Қоймастан темекі тарта бергіңіз келсе, бұл сіздің ағзаңызға тирозин жетіспеушілігіен туындауы мүмкін. Тирозин деген не? Тирозин – фенилаланин аминқышқылынан түзілетін аминқышқылдың қысқартылған аты. Тирозин көңіл-күйді жақсартуға, тәбетті басуға көмектеседі, адамды стрессті жағдайдан сабырлы күйге түсіреді және қалқанша безінің жұмысын реттейді. Ағзаңызға тирозин қажет болса, апельсин, мандарин, грейпфрут, жасыл не қызыл алма, авокадо, жасыл немесе қызыл бұрыш, қияр жеңіз.

Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға  химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Сондықтан, жоғарыда келтірілген зиянды дағдылар сіздің ағзаңызға жетіспейтін нәрселер туралы мағлұмат береді. Бірақ егер зиянды дағды ұзақ уақытқа созылған болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Дереккөзі: el.kz
нравится:    730
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии