17 Декабрь
12:20
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
21 мамыр 17:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ағзаны тазартатын сусындар
Ағзаны тазартатын сусындар

 
Салауатты өмір салтын бастау үшін ешқашан кеш емес. Ол үшін алдымен ағзаңызды тазартып, жаңа «өмірге» дайындау керек.

1. Алма және даршын
Алманы жұқалап кесіңіз. Оған 500 мл таза ас суын және 1 шай қасық ұнтақталған даршынды қосып, араластырыңыз. Суытып қойып, күні бойы ішіп жүріңіз. Алма мен ұнтақталған даршын қоспасы зат алмасу үдерісін қалыпқа келтіріп, ас қорыту жолдарын реттейді.

2. Лимон шырыны мен бал
2 ас қасық лимон шырынын 200 мл жылы сумен араластырыңыз. Бұл қоспаға 1 шай қасық табиғи бал мен бір шымшым ұнтақталған жанжабілді қосыңыз. Қарныңыз аш күйінде, таңғы асқа жарты сағат қалғанда ішіңіз. Ол ас қорыту жүйесін тазартып, қан тамырларын қатайтып, ағзаңызға күш-қуат береді.

3. Жанжабіл сусыны
3-4 см жанжабіл тамырын қабығынан тазартып, ұсақтап кесіңіз. Оған 1 литр ыстық су қосып, орташа оттың үстінде 10 минуттай қайнатыңыз. Сүзіп алып, суытыңыз. Суыған соң бір шымшым ұсақталған даршын және бірнеше ас қасық итмұрын сиробын қосыңыз. Күні бойы 100-150 мл көлемінде, тамақтануға жарты сағат қалғанда ішіп отырыңыз.
Ас қорыту жүйесі қалыпқа келіп, тазарады.

4. Қызылша шырыны
1 қызылша, 2 алма және 4 балдыркөк сабағынан шырын дайындаңыз. Күніне 2 рет тамақтануға жарты сағат қалғанда 2 ас қасықтан ішіп отырыңыз.

5. Денсаулық коктейлі
1 апельсин, 1 лимон мен 1 сәбізден шырын дайындап, 100 мл минералды су қосыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда аш қарынға ішіп алыңыз. Бұл коктейльдің құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан, шаршап тұрған күйіңізде тамаша көмекші болары анық.

6. Қияр мен балдыркөк
1 қияр мен 1 балдыркөк сабағын ұсақтап, 300 мл су қосыңыз. Күні бойы ішіп отырыңыз.

Денсаулығыңыз мықты болсын!

Дереккөзі: massaget.kz
 
нравится:    1000
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии