16 Декабрь
19:00
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
27 қаңтар 15:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Air Astana 2015 жылы 4 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған
Бүгін Алматыда Air Astana әуе компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі туралы есебі тыңдалды. Онда аталмыш әуе компаниясының президенті Питер Фостер журналистерге өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы әңгімелеп берді.  




«2015 жылы компания - 47,7 млн. доллар көлемінде пайда тапты. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда - 144 пайызға жоғары.
Өткен жылы біз - 3,86 млн. жолаушыны тасымалдадық. Ал бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп», - деді П. Фостер.
Сонымен қатар, ол 2016 жылы Ұлан-Батор және Тегеран қалалары бағытында жаңа рейстер ашылатындығын жеткізді.
П. Фостердің айтуынша, компания кейбір шығындарды азайтудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізген. Мысалы, авиациялық керосин бойынша бірқатар шығындар үнемделді. 
Сондай-ақ, кездесу барысында ұлттық әуе тасымалдаушы компанияның басшылығы әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі. 
«Біз Қазақстанның қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеміз. Біз мұны мақтан тұтамыз. Енді біз алдағы уақытта да Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және шет елдерде емделуі қажет балаларға қолдау көрсетуді жалғастыратын боламыз. Өткен жылы осындай 130 бала тегін тасымалданды. Биыл, соңғы үш аптаның ішінде 11 бала компания есебінен шет елдерге тегін ұшты. Сондай-ақ, алдпғы уақытта қайырымдылық қорлармен ынтымақтасуды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді П. Фостер.

Дереккөзі : http://inform.kz/rus/article/2864361
нравится:    791
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии