11 Декабрь
17:08
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Туризм
1 шілде 10:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Air Astana әлемнің қаржы орталықтарына жаңа бағыттар ашады
Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуының арқасында Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын көпір іспетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Ұлт жоспарын іске асыру арқылы Қазақстан ірі көлік-логистикалық хабқа айналмақ.



Air Astana компаниясының кейінгі жұмысының бағдары әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашу болып табылады. Аталған компанияны дамыту ҚТЖ ҰК АҚ балама бағыттарын дамыту жоспарларымен сәйкестендіріліп, соның арқасында жүк тасымалдау бағасы екі еседен артық төмендейді. Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлайды.
Айта кетейік, ҚТЖ ҰК АҚ «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА салудың соңғы кезеңін бастады. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік-логистикалық кешен алаңында басқа да нысандар құрылысы аяқталып қалды. Жақын арада кедендік рәсімдеу орталығы және контейнерлік терминалдар қолданысқа енгізіледі. Көлік-логистикалық кешен құрылысы жалғасады. 2016 жылы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізімен ұштасатын автокөлік жолы пайдалануға беріледі. Жақын арада Air Astana компаниясы Дубай және Гонконгпен тікелей әуе байланысын орнатпақ. 2016 жылы әуе компаниясы Жапония астанасы Токио қаласына бағыт ашады. Ал 2019 жылы қазақстандықтар Нью-Йорк қаласына тікелей ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    776
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии