|    |  
18 қараша 2018
19:18
қаз
Airbus А320 ұшағы Жерорта теңізіне құлады
19 мамыр, 11:13 1059
Egypt Air әуе компаниясының Airbus А320 ұшағы Жерорта теңізіне құлап түсті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

EgyptAir-plane

Сайттың таратқан мәліметіне сәйкес, Парижден Каирге #MS804 рейсімен шыққан ұшақ Мысыр жағалауынан 80 шақырым жерде құлаған.

Алғашқыда Egypt Air лайнердің Греция аймағында радардан жоғалып кеткенін мәлімделген болатын. Кейін ұшақтың Мысыр аймағына еніп үлгергені анықталды деген хабар тараған. Ұшақта шамамен 56 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған.

Оқиғаға байланысты Египеттің азаматтық авиация министрі Шериф Фатхи Сауд Арабиясының Джидда қаласына жасайтын сапарын кейінге қалдырған болатын.
Жаңалықтар