26 Сентябрь
16:56
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Мәдениет
13 сәуір 12:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақан Сатаев кастинг жариялады


Режиссер Ақан Сатаев кезекті фильмін түсіруді қолға алды, деп хабарлады baistars.kz.

«Районы» деп аталалатын жаңа туынды қай тақырыпқа арналатыны әзірге белгісіз. Сценарий авторы - Тимур Жақсылықов. Жоба «AstanaFilmFound» және «Sataifilm» компанияларының бірігуімен жүзеге аспақ.

Түсірілім жұмыстары жазда басталады деп жоспарланып отыр. Фильмге басты және қосалқы рөлдерге кастинг жарияланды. Кастинг 30-шы мамырға дейін жалғасады.

Кастинг талаптары:
- Орыс тілінде сөйлейтін жасы 17-ден 30-ға дейін жігіттер, кез-келген ұлт. Қажет типаждар: тентек, оқу озаттары, үлгерімі төмен, романтиктер, музыканттар, спортшылар.
- Орыс тілінде сөйлейтін жасы 17-ден 30-ға дейін қыздар, кез-келген ұлт. Қажет типаждар: оқу озаттары және қарапайым студенттер, пысық және байсалды қыздар.
Кәсіби актерлер жаңа фотосуреттерін жіберуі керек.
Кастингке қатысуға үміткерлер көзілдіріксіз және фильтр жасалған фотосуреттерін жіберулері қажет (ірі планмен, орта планмен және толық бойымен), анкета casting_satai@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Айта кетейік, Ақан Сатаев - қазақ көрерменіне «Рэкетир», «Ағайынды», «Ликвидатор», «Жаужүрек Мың бала» сияқты фильмдерімен жақсы таныс режиссер.










 
нравится:    835
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Саят2016-04-13 21:27:02
    Бұл кісілерге Ресейге барып түсіру керек қой,Қазақстанда не жоғалтты?
  • Акнур2016-04-15 18:20:56
    Кастинг кай калада болып жатыр?