19 Август
09:30
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
17 шілде 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақан серінің әніне арқау болған Балқадишаға ескерткіш қойылды
Ақмола облысында Ақан серінің әніне арқау болған Балқадишаға арналған ескерткіш қойылды.



Балқадиша Ыбырайқызы - Зеренді ауданына қарасты, Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Ақмола облысының Зеренді ауданында Ақан серінің әніне арқау болған Балқадишаға арналып ескерткіш ашылды. Балқадиша Ыбырайқызы - Зеренді ауданына қарасты, Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Ән кейіпкеріне айналуы да тегін емес. Тас тұғырдың бой көтеруіне аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мұрындық болған. «Балқадиша - сұлулығымен ғана емес, асқан парасаттылығымен де күллі қазақ қыздарының символы», - дейді ел ағалары.



Әйгілі Сері Ақанның  «Балқадиша» әнін тыңдаған әрбір жан басты кейіпкер Қадиша қыздың тағдырына аяушылық білдіретіндер көп. Жалпы алғанда "Балқадиша" әнінің шығу тарихына байланысты түрлі әңгімелер мен зерттеулер бар. Солардың ішіндегі деректісі мынау біз келтірген нұсқасы.

 

Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады.

Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.

Әннің «Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз деректер Қадиша, әу бастан, үлкен ақсақалға атастырылған деп айтылуда. Қадиша қыздың Ақанның жанында отырғанын естіген бойда, ақсақал «Қадишаны қайтарыңдар» деп бұйырған.
Бұл ән Ақан­ның әбден разы болуынан шыққан деседі жұрт. Шындығында, Балқадиша өзі қатарлас теңіне, аталары найзагер батырлығымен аты шыққан Масабайдың Сүлейменіне ұза­тылады. Екеуінен тараған ұрпақтары осы күні өсіп-өркендеп отыр.

Қандай десек те, ел арасында кең тараған «Балқадиша» әнінің қазақ өнерінде алатын орны үлкен. Ол сол кездің саяси-әлеуметтік жағдайларын сипаттайтын тарихи, мазмұнды, мұңылы біртума туынды болып есептеледі.



Қазіргі кезде қазақ эстрадасындағы белгілі топ "Жігіттер" бұл әнді заманауи үндермен үйлестіріп керемет орындап жүр. Аталған әнге бейнебаян да түсірді. Бейнебаянды тыңдаушылар  жылы қабылдады.


 
нравится:    3958
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии