16 Август
23:19
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
16 шілде 13:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақбота: Дəуренді алғашқы отбасына өзім жібердім



Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің маxаббаттарына нүкте қойылды! Бұл туралы Ақбота инстаграмдағы парақшасында, тікелей эфирде өз оқырмандарына айтты.

Желі қолданушыларының сан мыңдаған сауалдарының астында қалған Ақбота Дәурен Айдарқұловты бұрынғы отбасына өзім жібердім деп дүйім жұртты дүр сілкіндірді және “Гламур для дур” фильмі сәбиімнің көрер жарығы болған шығар және Дәуреннің ісіне араласпаймын, өзі шешсін”, – деп оқырмандарына жеке өміріндегі сырды ашып салды.

Дәурен де, Ақбота да өз парақшаларынан екеуінің романтикаға толы суреттерін өшіріп, тіпті бір-бірін оқырмандар тізімінен алып тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында “Кешью” тобының экс мүшесі Ақбота Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұлов отбасын құрған болатын. “Гламур для дур” фильмінің түсірілімінде табысқан ғашықтар көп ұзамай-ақ балалы болатындарын да жасырған жоқ.

Ақботаны жұрт “Біреудің отбасын бұзып бақытты боламын деймісің?! Біреудің қайғысы саған ешқашан бақыт әкелмес” деген секілді пікірлерімен сынға алған болатын.

Ал Дәуреннің бұрынғы жары Баян Әкімжанова күйеуін Ақботаға беріп қоймайтынын, үш баласын әкесіз қалдырмайтынын айтып, біраз инстаграм желісін шулатқан еді.

Дереккөзі: https://Stan.kz
 
нравится:    996
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии