17 Декабрь
15:52
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
9 қараша 15:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ақбота Керімбекова: «Қазір дайын асқа үйір ер азаматтар өте көп» (ВИДЕО)

 
Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар әнші бұл ойымен КТК арнасының «Басты рөлде» бағдарламасында бөліскен. Сондай-ақ «Бегімайдың жырын» елдің жүрегіне жеткізіп, «Әппақ гүлдерді» төлқұжатына айналдырған әнші қазір өнердің ластанып кеткенін тілге тиек еткен. Десе де өзі сүйген өнерден қол үзе алмайтынын да жеткізген. «Елдің алдына шыққың келіп тұрады, ән салғың келеді. Бірақ негізгі арманым Аллаға құлшылығымды жасап, бес уақыт намазымды оқып, балаларымның қызығын көру»-дейді.
 
Өнерлі отбасында өмірге келіп, сахна сыртында өскен Ақбота оқушы кезінде әскери адам болуды армандапты.
 
Алғаш рет тоғызыншы сыныпта сахнаға шығып жанды дауыспен ән айтқан әнші алғашқы бейнебаянын екі мың доллар беріп "Бегімайдың жырына» түсірген.
 
Қазір тұла бойы тұңғышы Біржан Қытайда білім алып жатса, екінші ұлы Ақан «Дарын» мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы, ал кенжесі Дінмұхаммед нағашы әжесінің тәрбиесінде екен. «Қазір ер азаматтар ұсақталып кетті. Дайын асқа үйір ер азаматтар өте көп. Сондықтан балаларыма ер азамат деген атқа лайық болу керектігін үнемі айтып отырамын»-дейді.


KazPro Media / Youtube

 
нравится:    1680
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии