16 Август
19:03
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Мәдениет
7 сәуір 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақбота Керімбекова мен Сержанәлі Әлібек жаңа әннің тұсауын кесті


31 наурызда өткен «Сәлем, Қазақстан!» жобасының кезекті түсірілімі Ақбота Керімбековаға арналды, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Ақбота Керімбекова «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ол қазақ эстрадасында «Аппақ гүлдер» әнімен танылған.

Ақбота Керімбекованың «Сәлем, Қазақстан!» жобасындағы кеші «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен ашылды.  Әнші сахнада жүргеніне 20 жыл болғандығын айтты.  Сахнада ол ең таңдаулы «Сенсің», «Қуанышым қазынам», «Арман-ай», «Уақытша», «Жеңемін», «Мүмкін емес», «Келем деші»  сынды әндерін жанды дауыста орындады.

Сонымен қатар, кеште  Ақбота Керімбекова әнші Сержанәлі  Әлібекпен жаңа әннің тұсауын кесті.  

Сондай-ақ, Ақбота Керімбекова  хит әндерінің біріне айналған «Қош махаббат» әнін күйсандықтың сүйемелдеуімен орындады. Әнші 20 жылдығына орай күзде жеке кешін өткізуді жоспарлауда. Жобада болған өзге де қызықтарды алдағы уақытта Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасынан көре аласыздар.

Еске салса кетейік, 25 наурыздан бастап «Қазақстан» телеарнасы «Сәлем, Қазақстан!» атты жаңа телевизиялық жобаны көрсетуде. Бұл қазақстандық эстраданың жарық жұлдыздары жанды дауыста ән шырқайтын бірегей жобасы. Әр жұма күні сағат 21:05 «Қазақстан» телеарнасының эфирінен берілетін сүйікті әншілерд3ң жанды дауыстағы орындауларын тамашалай алады.
нравится:    682
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии