|    |  
12 желтоқсан 2018
12:26
қаз
​Ақбота Керімбекова: Он күйеуге тиіп, абырой жинайтын ойым жоқ
13 қараша, 16:11 227
Былтыр үшінші мәрте тұрмыс құрып, биыл ажырасып кеткен Ақбота Керімбекова «Әңгіме болсын» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі жағдайлармен бөліскен.



«Біреуге бақытты күйеуден береді. Біреуге бақытты баладан береді. Біреуге қызметтен береді. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Күйеуден бағым жанбаған шығар. Енді күйеуден бағым жанбады деп өлейін бе? Болмады, өтті, кетті. Өткен парақтарды қайтып ашудың қажеті жоқ. Біз кез келген сынаққа мықты болуымыз керек. Біреулер кінә өзінен деп айтып жатады. Кінә екі жақтан да болады. Өйткені ер азамат өзінің азаматтығын іс-әрекетімен дәлелдемегеннен кейін әйел адамның тілі шығады. Ол қоғамда болып жатқан нәрсе. Кішкене әйел болайыншы, нәзік болайыншы деп тұрмысқа шықтым. Әйтпесе бес байға, он байға тиіп абырой жинау деген тәрбиемде жоқ нәрсе. Әке-шешем ажырасқан кезде «Мен бір рет қана тұрмысқа шығамын, бала-шағамның бәрі бір әкеден болады» дейтінмін. Бастапқыда бәрі жақсы болады да, кейін ерік-жігерлерін көрсетпейді. Бірақ бұрынғы жолдастарымның ешқайсына өкпелемеймін. Бақыт тілеймін»-дейді әнші.


Жаңалықтар