|    |  
07 желтоқсан 2019
01:33
қаз
Әке-шешесі 5 жастағы ұлдарын өлтіріп, теледидар арқылы оны тауып беруді сұраған
26 сәуір 2019, 09:35 219
АҚШ-тың Иллинойс штатында полицейлер 36 жастағы Джоан Каннингем мен 60 жастағы Эндрю Фройдтың отбасына 17 рет келген. Оған бұл отбасының балаларға қолайсыздығы себеп болыпты.


 
Бір апта бұрын Эйджейдің анасы полицияға қоңырау соғып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Ол кешкісін ұлын ұйықтатқан. Ал таңертең дәрігерден келгенде ұлын үйден таппаған. Үшінші баласына жүкті әйел азаматтық некедегі күйеуімен бүкіл үйді қарап, ұлды таппаған.


 
Кейін бұл іспен құқық қорғаушылар айналысқан. Іздеу алты күн бойы жалғасқан. Баланы полицейдер итпен іздеген. ФТБ агенттері мен еріктілер іздеген. Джоан тіпті теледидар арқылы бүкіл елден ұлын тауып беруді жалынып сұраған. Эйджейдің мәйіті үйден 11 шақырым жерден, пленкаға оралып, таяз шұңқырға тасталған күйінде табылған.


 
Құқық қорғаушылар көп ұзамай оның ата-анасын тұтқынға алған. Эйджейдің 4 жастағы інісін арнайы қызмет алып кеткен.

Дереккөз: Life


Жаңалықтар