24 Сентябрь
00:10
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
13 қыркүйек 12:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әкесі қыздарының болашақ жігіттеріне арнап нұсқаулық жазды және ол хитқа айналды
Қыздарының жеке өміріне араласып, олардың жігітін қорқытып, қыздарына өз жеке меншігі ретінде қарайтын тым қамқор әкелердің бейнесі баршамызға таныс. Бірақ Фейсбук әлеуметтік желісіндегі мына әке барлығын өз орнына қойды. Оның жазбасы жылдам тарап кетті. 



Теннесси тұрғыны, ақын және әке Уоррен Уэлш «Фейсбуктағы» парақшасына қыздарымен кездесуге бел буған жігіттерге арналған ережені жазды. Жазба бірден таралып, ол өзімен бірдей ойлайтын ата-ана мен балалардан 36 мың репост жинаған. 

Менің қыздарыммен кездескісі келетіндерге арналған ереже:

Сіздер олардан ережені сұрауларыңыз керек. Менің қыздарыма күшпен сыйлататын әкенің керегі жоқ, мен олай тәрбиелемедім. Сіздер оларды сыйлайсыздар, ал егер сыйламасаңыздар, мен сіздерге уәде беремін, сізді орныңызға қою үшін оларға менің көмегім керек болмайды. Сәттілік



Уэлш бұл постты жазуға қыздарының сүйіктілерін қорқытқаны туралы мақтанатын әкелер себеп болғанын айтады. Сонымен қатар ол Independent басылымына алты қызын өз әрекеттеріне жауап бере алатындай қылып тәрбиелегендігін айтқан. Уэлш көп жылдар бойы анасының бағынышты әйелдегі рөлін көргендіктен, қазір әйелдерін жақтырмайтындарға қатыстының бәрін жек көреді.

Дереккөз: Life.ru 
 
нравится:    25
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии