20 Август
00:32
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
29 шілде 10:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әкесі қызын ит бейнесінде суретке түскені үшін ит торына қамап қойған
 
 
Нью-Йорк тұрғыны Роландо Круз қызы Мониканы ит қамайтын торға үш күн қамап қойған. Бұған қызының Snapchat қосымшасы арқылы ит бейнесінде суретке түсіп, ол суретін Facebook әлеуметтік желісінде жариялауы себеп болыпты.
 
Он жеті жастағы Моника Крузды торға қамалып отырған жерінен әжесі Оделиз Круз тауып алған. «Мен әлдененің дұрыс емес екенін ұқтым. Менің ұлым да, немерем де қоңырауыма жауап бермеді. Қалдарын біліп, көзіммен көру үшін үйлеріне келгенде немеремді тордан таптым»-дейді әжесі.

Полиция мәліметінше Моника торда үш күн қамалып, ит тамағын жеген. Жуынуға да мүмкіндігі болмаған. Сол тордың ішінде дәрет сындырған.
Жауапқа тартылған Роландо Круз Facebook әлеуметтік желісінен қызының бірнеше суретін көргеннен кейін торға қамап, «тәртіптік шара» қолданбақ болыпты. «Менің қызым ит болғысы келді, мен соған сай қарым-қатынас жасадым»-деген ол. Қазір Роландо Круз қамауға алынды. Қызы әжесінің қолында.

Дереккөз: dni.ru
нравится:    1129
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии