|    |  
22 ақпан 2020
20:49
қаз
Әкесі қызының күйеу жігітін өлтірген
05 ақпан 2020, 16:20 91
Черкасск облысында әкесі қызының күйеу жігітін өлтірген. Марқұмның мәйітін бір жарым жылдан кейін тапқан.


 
25 жастағы жігіт бұған дейін із-түссіз жоғалып кеткендер санатында болған. Күдікті оның мәйітін орманға апарып көміп тастаған.
Жігіт ішімдікке әуес болған Қыздың әкесі оны сол себепті әу бастан ұнатпаған. Ол қызын одан ажыратып алуға қанша тырысса да, бұл әрекетінен нәтиже шықпай қойған. Жергілікті тұрғындар қыздың тіпті ол жігіттен баласы бар екенін айтады.
 
Қыздың әкесі мен жігіт бір күні көше ортасында жанжалдасып қалған. Әкесі жігітті итеріп жібергенде ол құлап түсіп, есінен танып қалған. Қыздың әкесі болса ізін жасыру үшін оны машинаға салып алып, көрші облыстың аумағына апарып көміп тастаған.
 
Күдікті оны абайсызда өлтіріп алғанын айтқан. Ол енді 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар