24 Октябрь
13:32
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
24 маусым 10:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды


АҚШ. Техас штатының тұрғыны өзінің 6 айлық қызын шыжып тұрған күнде көлік ішінде ұмытып кетті. Ақыры бірнеше сағат бойы қапырыққа қамалған бөбек көлік ішінде есінен танып қалады, деп хабарлайды Fox 4.

Бұл кезде үйге кіріп, ұйқысын қандырып шыққан әке баланың бар екені есіне түсіп, көлікке қарай жүгіреді. Естен танған сәбиді көрген ол, қызын үйдегі мұздатқышқа салып, аман алып қалмақ болыпты. Бірақ, осының бәріне ағзасы төзбеген сәбидің жүрегі сол мұздатқышта жатқанда тоқтады.  Тек осыдан соң ғана жедел жәрдем шақыртып, әйеліне қоңырау шалған ер адам қызын құтқару үшін оны қолдан дем алдыруға да тырысқан. Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер сәбидің әлдеқашан қайтыс болғанын айтты.  

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    3119
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии