18 Октябрь
13:41
Астана: 12 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 09:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ақиқа және нәзір құрбаны жайлы не білеміз?


Құрбан шалудың бірнеше түрі бар десек, «Ислам ғылымхалы» атты кітапта құрбандықты Ақиқа және Нәпіл құрбаны деп екіге бөле отырып, олардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме берген.

«Жаңа туылған сәбидің басындағы шашы «ақиқа» делінеді. Алла Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын құрбандықты да осылай атайды. Ақиқа құрбанын сәбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сәбиге жеті күн толғанда шалу – абзал. Сәбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын немесе күмісті садақа ретінде беру – сүннет. Құрбанның да сол күні шалынуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі немересі Хұсайн мен Хасан үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі етінен жеуіне және басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді.

Ал нәзір құрбаны дегеніміз, көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман баласының Алла Тағалаға уәде беріп, сол уәдесінің уақыты келгенде шалатын малы. Мысалға, ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы – уәжіп. Нәзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке-шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құнын кедейлерге тарату керек», - делінген кітапта.

Тағы бір байқағанымыз, құрбан айт келе жатыр десе «шек» беруге дайындалып кететін отбасылар бар. Бірақ, шек беру дұрыс па, берілген шек қаншалықты деңгейде құрбандық болып саналады, қасиетті құрбан айтта шек берумен ғана шектелу дұрыс па – бұл әлі күнге дейін адамдар арасында талас тудырып жүрген мәселе. Шекке қатысты «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты оқырман жіберген сұраққа жауап бере отырып: «Еліміздің кейбір аймақтарында қайтыс болған жақындарына арнап Ораза айт пен Құрбан айттан бұрын мал сойып, туған-туыс немесе ауыл қарияларын асқа шақырады. Бұны бізде «шек беру» дейді. Шекте қайтыс болған кісілердің аты аталып, әруақтарына құран бағышталады. Өлген кісіге сауап болсын деген мақсатпен мал сойып, құрбан шалу шариғатта да бар» депті.

Жалпы, әр амалдың қабыл болып, сол арқылы Алла разылыған бөлену үшін адам санасының астарында сауаттылық жату керек. Асыл дініміз туралы сауатымыз ашылған сайын көркем амалдарымыз көбейіп, иманымыздың күшейе беретіні рас. Сондықтан, білмеген сауалдарымызды білетін адамдардан сұрап алудың еш айыбы жоқ.


Дереккөзі: korrespondent.kz
нравится:    1136
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии