20 Август
00:29
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
19 тамыз 14:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әкім Олимпиада жүлдегеріне көлік, бапкеріне 5 млн теңге табыстады

 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Рио олимпиадасында қола жүлде алған ауыр атлет Александр Зайчиковке "Тойота Ланд Крузер" көлігін, ал бапкері Арман Абдраевқа 5 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
 
Қызылорда халқы спортшыны орталық алаңда қарсы алған.
 
Спортшыны құттықтаған Қырымбек Көшербаев: «Олимпиадада  сен тек зілтемірді көтерген жоқсың, қазақстандықтардың рухын көтердің. Сендердің жаттығуларың кезінде мен спорт залда болдым, сондықтан да білемін, біздің спортшылардың резерві көп. Әуелі «қола», содан кейін «алтын» алу сенің әдетің-ау. Сондықтан Токиодағы Олимпиадада барлық жерлестеріңнің атынан алтын медальға тапсырыс береміз!»-деп, алдағы жеңістерге зор үміт білдірді.
 
Әкім сондай-ақ облыста халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа ауыр атлетика орталығының салынатынынан да хабардар етті.
 
Өз кезегінде Александр: «Қолдау білдіргендеріңіз үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе қызылордалықтарға  алғысымды білдіремін. Жерлестерімнің таңғы төртте тұрып мен үшін жанкүйер болғанын білемін. Мен сіздердің қолдауларыңызды сездім. Сол маған күш берді»-деп алғысын білдірді.
 
Дереккөз: newskaz.ru
нравится:    896
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Кайнар2016-08-19 16:59:42
    Крымбек агамыз жарайсыз!!! Сизди аким ретинде катты сыйлаймын!