22 Август
03:48
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
16 шілде 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ: Ақ үй президенттерді шатастырып алды


Ақ үй АҚШ азаматтығын алған британдыққа мемлекеттің бұрынғы президенті Барак Обама қол қойған құттықтау хаты жіберген. Бұл туралы сенбі күні The Independent басылымы хабарлады.

«Менің күйеуім Ұлыбританияда дүниеге келген, азаматтық алған кезде ант берді. Жаңадан азаматтық алған американдықтарға арналған құжаттар папкасында Обаманың атынан құттықтау хат жатты», - дейді оның әйелі жоғарыда аталған басылымға берген сұхбатында.

Басылым, өз кезегінде елдегі саяси өзгерістерге алты ай өтсе де үкімет құжаттарды әлі де жаңартпағанын, әлі күнге дейін бұрынғы президент қол қойған құжаттарды пайдаланып келе жатқанын тілге тиек етуде.

The Independent хабарлағандай,  бұл мәселеге қатысты Ақ үй тарапынан әзірге ресми жауап берілмеген.


Дереккөзі: https://news.rambler.ru
 
нравится:    75
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии