18 Август
18:40
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
29 маусым 11:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ алты мұсылман елінің азаматтарына виза берудің жаңа ережесін бекітті



Үміткерлер АҚШ-та тығыз отбасылық немесе іскерлік байланыстары болған жағдайда ғана Америка визасын ала алады.
АҚШ билігі алты мұсылман елі азаматтары мен барлық босқындарға виза берудің жаңа критерийлерін белгіледі, деп хабарлайды Associated Press агенттігі АҚШ Мемдепі меморандумына сілтеме жасай отырып.

Жаңа ереже Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан елдерінің азаматтарына қатысты.

Жаңа талаптар АҚШ-тың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне таратылды. Құжатқа сәйкес, үміткерлерге АҚШ визасы тек тығыз отбасылық немесе іскерлік байланыстары болған жағдайда ғана берілетін болады.

Үміткерлер Америка Құрама Штаттарында ата-анасы, күйеуі немесе әйелі, ересек балалары немесе туған бауырлары тұратынын растауы тиіс.

Бұл ретте, ата-әже, немере, жиен, ара-ағайын секілді алыс туыстарының болуы назарға алынбайды және есептелмейді.

АҚШ әкімдігі тарапынан мұндай талаптар АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың көші-қон жарлығының әрекетін ішінара қайта қалпына келтірлгеннен кейін қабылданды.


Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
нравится:    89
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии