13 Декабрь
09:44
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
12 мамыр 14:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​АҚШ: Антиквариат маманы қателесіп, оқушы қыздың қолдан жасаған бұйымын 50 мың долларға бағалады

Америкада антиквариат сарапшысы мектеп сабағында күйіктастан жасалған құмыраны 50 мың долларға бағалап, оны Пикассо жұмыстарымен теңестірді. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.
Мамыр айының басында Оңтүстік Каролинаның тұрғыны Алвин Барр (Alvin Barr) сарапшылар қонақтарға түрлі антикварлық заттардың болжалды бағасын анықтауға көмектесетін британдық Antiques Roadshow телешоуының американдық нұсқасына келді.
Баррдың айтуынша, Орегон штатында мүлікті жаппай сату кезінде ол «балшық, сабан, құс қиымен» сыланған балшық құмыраға назар аударды. Оның ұсқынсыз түріне қарамастан Барр бұл затты 300 долларға сатып алды.
Телешоуға қатысқан бағалаушы Стивен Л. Флетчер (Stephen L Fletcher) құмыраның 19 ғасырдың аяғында жасалуы мүмкін екенін айтып, оны 30-дан 50 мың долларға дейін бағалады.
Алайда жазба эфирге шыққан соң, Флетчер қатты қателескенін білді. Бұл құмыраның 1973 жылы мектепте күйіктас заттарды құру сабағында жасалғаны анықталды.
Бұл туралы бағдарламаны көріп отырған Орегон тұрғыны хабарлаған. Ол бұл құмыраны оның Бетси Соул (Betsy Soule) есімді құрбысы жасағанын айтты.  Соул жергілікті газетке бұл құмыраның 1973-1974 жылдар аралығында жасағанын айтып берді.
Қате анықталған соң, Флетчер өз бағалауын өзгертіп, бұл оқиғаның ол үшін «танымдық тәжірибе» болғанын айтты.

​ҚазАқпарат 
нравится:    637
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии