18 Август
11:16
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
30 шілде 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ дәрігерлері 8 жастағы балаға 2 қол салып берді
АҚШ дәрігерлері 8 жастағы балаға 2 қол салып берді


Осылайша Сион Харви аталған операцияны жасатқан ең жас науқас атанды. Осы айдың басында болған операция 11 сағатқа созылған. Бұл туралы дәрігерлер тек бүгін ғана жариялап отыр. Харви баспасөз мәжілісінде саусақтарын қимылдатып көрсетіп, қолдарының қозғалғанын сезіну біртүрлі екенін айтты. Операцияға 40 дәрігер қатысқан. Олар баланың сүйектерін болат пластинкалар және бұрандалармен бекітіп, сосын күретамыр, көктамыр, бұлшық ет, сіңір, жүйке тамырларын тігіп шыққан. Балалар ауруханасы медициналық сақтандыру төлемінен басқа, ақша алмаймыз деп мәлімдеді. Ал Харвидің арманы асқақ. Ол америкалық футбол ойнауды үйреніп, балалардың спорт кешенінде шыныққысы келеді. Сион Харви: - Маған алаңдайтын ештеңе жоқ, себебі қасымда маған қолдау білдіретін отбасым, немере бауырларым, ата-әжелерім бар. Нәтиже жақсы болмаса, отбасыма ораламын. Харви балалар ауруханасында әлі бірнеше апта болып, оңалту бағдарламасынан өтеді. Ол сәби кезінде сепсис ауруына шалдығып, ақыры дәрігерлер оның қолы мен табанын кесуге мәжбүр болған. Харви протез аяқпен жүріп, жүгіріп, секіре алады. Қатарынан қалмай мектепке барады. Сонымен қатар ол білегімен жазып, тамақ ішіп, бейнеойындарды ойнауды да үйреніп алған.

Дереккөзі:24.kz
 
нравится:    921
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии