16 Август
19:07
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Экономика
18 желтоқсан 11:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ ФРЖ-нің отырысынан кейін доллар жағдайы қандай болады?


Осы аптаның өзекті жаңалықтарының бірі АҚШ ФРЖ-нің пайыздық мөлшерлемені өзгерту туралы шешім қабылдауы. Пайыздық мөлшерлеме көтерілсе, америкалық валюта қандай өзгеріске ұшырайды? Әлемдік мұнай нарығындағы тенденция қандай болады? Альпари сараптама департаменті директорының орынбасары Дария Желаннова өз пікірін білдіреді.  Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.

Осы жылы 15-16 желтоқсанда АҚШ ФРЖ-нің отырысы өтіп, мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Егер американдық реттеуіш уәдесінде тұрып, мөлшерлемені көтерсе, онда болмашыға ғана жоғарылатады. Бұл жағдайда еуро/доллар жұбы 1,06-ға дейін төмендейді. Нарық үлкен өзгеріске ұшырамайды.
Егер ФРЖ америкалық экономиканың пайыздық мөлшерлеме саясатын тұрақтандыруға дайын емес екендігін айтып, мөлшерлемені көтеруді тағы кері шегерсе доллардың басқа валюталарға қатысты нығайып кетуі қаупіне байланысты еуро/доллар бағамы 1,15-ке дейін нығаюы мүмкін.
Дегенмен де ресейлік валюта позициясы бұрынғыдай мұнай бағасына байланысты анықталады. Егер баррельдің баға белгіленімі 40 доллардан төмен күйінде қалып, американдық реттеуіш негізгі мөлшерлемені көтеретін болса, доллар 68 рубль, еуро 72-ге жетеді. Егер ФРЖ мөлшерлеме көтерілмей, Brent барреліне 40 доллар болса, америкалық доллар 66 рубльден, еуро 76-77 рубльден сатылады.
Еске салайық, дүйсенбіде Brent маркасындағы мұнай 39 доллардан төмендеді. ОПЕК-тің мәліметінше, өндіруші елдердің қарашадағы өндірісі қазанмен салыстырғанда тәулігіне 31,695 млн баррельге дейін көтерілді. Бұған көп жағдайда Ирактағы мұнай өндірісінің ұлғаюы себеп болды. Яғни қарашада ОПЕК мұнайына деген сұраныс тәулігіне 900 мың баррельге дейін ұлғайды. Бұл 2012 жылдан бергі ОПЕК өндірісінің ең жоғары көрсеткіші. Осыған дейін картель күніне 31,7 млн баррельге дейін қара алтын шығарушы еді. Осы жаңалықтардың барлығы мұнай баға белгіленіміне қосымша қысым түсіруде.Өткен аптада АҚШ энергетика министрлігін жариялаған мәлімет бойынша, шикі мұнай көлемі 3,568 миллионға дейін төмендеген. Ал өндіріс 9,164 млн баррельге дейін азайды. Мұнай бағасының төмендеуі АҚШ-тағы кен орындарында жұмыс істеуге бағытталған компанияларға шығын келтіруде.

Қазіргі уақытта АҚШ-та 18 мұнай-газ компаниясы несие берушілерден жалтару үшін құжаттарын өткізуге кірісті, банкротқа ұшыраған ұйымдар саны әлі де жалғаса түсуі мүмкін. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы төмендеп жатқан жағдайда көптеген компаниялар шығындарын азайтып, жаңа кен орындарының құрылысын тоқтатып, бұрғылау қондырғыларын қысқартып жатыр. Алдағы уақытта осы тенденцияның әсерінен мұнай баға белгіленімдері әлі өзгере түсуі мүмкін.
нравится:    695
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии