20 Август
00:30
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
2 шілде 10:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ ғалымдары газдалған сусындарды ішуге үзілді-кесілді қарсы шықты



Бостондағы (АҚШ) Тафтс университетінің бір топ ғалымы тәтті газдалған сусындарға тыйым салуға шақыруда. Өйткені, олар көптеген адамның ажалына себеп болады екен, деп хабарлайды 24.kz «epochtimes.ru» сайтына сілтеме жасай отырып. Ғалымдар соңғы 30 жыл бойы жүргізген жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады. Оның барысында әлемнің 50 елінде тұратын 611 мыңнан аса адамның денсаулығы бақыланып, қайтыс болу себептері зерттелген. Ақыры газдалған сусындардың жылына 184 мың адамның өмірін қиятындығы анықталды. Бұл сусындар диабет пен жүрек ауруларын тудырады. Сондай-ақ, онкологиялық дерттерге де солар себеп. Медициналық мамандар бүкіл әлем бойынша газдалған сусын өндірісін қысқартып, оны шектен тыс ішуді доғаруға үндеп отыр. Керісінше болған жағдайда, іс насырға шабуы мүмкін.


Дереккөзі: ҚАЗАҚПАРАТ
нравится:    881
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии