21 Август
04:50
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 қазан 16:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ қаржы үнемдеу мақсатында 6 мыңға жуық тұтқынды бостандыққа жібермек
Құрама Штаттардың әділет министрлігі экономикалық жағынан қаржы үнемдеу мақсатында есірткі саудасы мен сақтауға байланысты қылмыстары бойынша сот жүзінде жаза алған 6 мыңға жуық тұтқынды түрмеден шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.



АҚШ әкімшілігіндегі мәнбелердің жеткізулерінше, аталған категориядағы қылмыскерлер биылғы жылғы 30 қазаннан 2 қарашаға дейін бостандыққа шығарылып болады. Ал федералды түрмелерден бұлайша адамды көп көлемде бір мезгілдік мөлшерде шығару тәртібі елде бірінші рет жүзеге асқалы отыр. Соның өзінде зорлық-зомбылыққа қатыстары болмаған тұтқындар ғана қапастан босатылмақшы. Олардың бірқатарына уақытша баспана берілсе, тағы бір бөлігі кесімді мерзімдері біткенше үйқамақта отырады.

Мақалада әділет министрлігінің бұл шараға бірінші кезекте қазіргі таңда АҚШ-тың пенитенциар мекемелерінің тым көп адамды ұстап отыруға шамасы келмей жатқанын, осының өзі бюджет шығынын шамадан тыс артырып жібергенін алға тартқаны айтылады. Сондықтан АҚШ билігі биылғы сәуір айында есірткімен байланысты қылмыстар түрлеріне қолданылатын жазаларды біршама жеңілдетуге шешім қабылдаған. Енді осы өзгерістер бұрын шығарылған үкімдерге нақты әсер етіп жатқан сияқты.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта елдің федералды түрмелерінде 200 мыңнан астам адам өздерінің жазаларын өтеп жатыр. Күтіліп отырғандай, 2016 қаржы жылының соңында бұл қатар тағы 12 мың адамға азаюға тиіс.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    690
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии