24 Август
05:14
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Экономика
3 тамыз 11:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ қазақстандық банктерге қатысты FATCA санкцияларын уақытша тоқтатты
 Екіжақты келісімге қол қойылғанша АҚШ тарапы қазақстандық банктерге «шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы» (FATCA) заңының ережелеріне сәйкес айыппұл салуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Қазақстандағы АҚШ елшілігі.


Хабарламада АҚШ-тың «Шетел шоттарын салықтық бақылау туралы» заң (FATCA) талаптарына сәйкес шетел қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілері шоттарының бар-жоғына бақылауды жүзеге асыруға және сол шоттар туралы АҚШ Қазынашылығын хабардар етуге міндетті екені айтылған.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының үкіметтері АҚШ азаматтары туралы осындай ақпарат берудің жолдарына қатысты екіжақты келісімді парафирлеген, ал Қазақстан түпкілікті келісім бойынша жұмыс жасауды жалғастыратынын мәлімдеген.

Сондай-ақ, FATCA ережелері 2015 жылғы 1 қазанда заңды күшіне енетініне қарамастан, АҚШ пен Қазақстан арасында соңғы келісім жасалмағанша, Америка Құрама Штаттары FATCA ережелерін бұзған қазақстандық банктерге айыппұл салуды уақытша тоқтатқанын хабарлаған.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    757
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии