16 Декабрь
13:17
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
7 шілде 10:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ Ким Чен Ын мен оның шенеуніктерін «қара тізімге» енгізді

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын мен оның айналасындағы он шенеунікке қарсы «адам құқықтарын бұзғаны үшін» жеке санкциялар салды. Сондай-ақ АҚШ-тың Қаржы министрлігінің «қара тізіміне» бес заңды тұлға іліккен.
АҚШ-тың Қаржы министрінің қаржылық барлау және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі орынбасары Адам Шубиннің мәлімдемесінде: «Ким Чен Ын билігінде Солтүстік Кореяның миллиондаған тұрғыны адам төзгісіз қаталдықты бастан кешіп отыр, оларды сотсыз-ақ өлім жазасына кесіп, мәжбүрлі еңбекке салып, азаптауда»-делінген.
Әкесі Ким Чен Ирдан кейін «ұлы мұрагер» деп жарияланып, Солтүстік Кореяның тағына отырған Ким Чен Ынға аталған жеке санкциялар алғаш рет салынып отыр. Американдық дипломаттардың сөзінше бұл жағдай Солтүстік Корея билігін ашуландыруы мүмкін. Себебі бұл елде көсем күнәсіз саналады.
Ким Чен Ынмен бірге Солтүстік Кореяның Халық қауіпсіздігі министрлігі мен Әділет министрлігінің Түзеу мекемесінің басшылары да санкцияға іліккен.
 
Дереккөз: ВВС
нравится:    671
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии