18 Август
11:16
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
23 ақпан 19:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ пен Ресей Сирияда бітім орнатуға келісті


Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин орыс тілді телеарналар арқылы арнайы сөз сөйледі.

Оның барысында Путин АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы байланысып, екі тараптың Сирия жеріндегі әскери ұрыстарды тоқтату туралы келіссөз бойынша бір келісімге келгендіктерін мәлімдеді. 

Путиннің айтуынша, Сирия Араб Республикасындағы әскери қимылдарды тоқтатуға тек Ресей жағы ғана емес, сонымен бірге Құрама Штаттар да мүдделі болған.

 Жабық есік артында өткізілген ұзақ келіссөздерден кейін нақты бір келісімге қол жеткізілді. Уағдаластыққа сәйкес, 27 ақпаннан, яғни Дамаск уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-ден бастап, Сирия жерінде барлық әскери қимылдар доғарылады. 

Сирия аумағында өзара соғысып жатқан шағын қарулы топтар 26 ақпан күнгі сағат 12:00-ге дейін барлық қимылдарын тоқтатып, бітімгершілік шартына қосылатындарын Ресей немесе АҚШ әскерилеріне білдірулері шарт. Сол кезде бұл топтарды Ресей және АҚШ пен коалиция елдерінің әскери-әуе күштері бомбаламайтын болады. Ал ТГИЛ (Ирак пен Леванттың террористік тобы) және «Джабхат ан-Нусра» террористік топтарына қатысты әскери қимылдар жалғасып, олардың бекіністері әуеден шабуылдана береді. 

Бітім келіссөзі расында да күшіне еніп, іске асуы үшін ресми Мәскеу Сирия үкіметімен оны орындату жөнінен жұмыстар атқаратын болады. Осы ретте Путин АҚШ-тың қолдап отырған оппозициялық қарулы топтарға басу айтып, дәл сондай жұмыс жүргізетінін айтты.

 "Енді осының барлығы арқылы ұзаққа созылған қанды қырғын мен зорлық-зомбылықты тоқтатудың шынайы мүмкіндігі туды", - деді Владимир Путин.





Дереккөзі: 24.kz
нравится:    811
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии