21 Сентябрь
16:23
Астана: 23 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
16 маусым 09:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ полициясы аллигатор алып кеткен баланың денесін тапты

Флорида полициясы Disney World ойын-сауық паркінде қолтырауын судың астына алып кеткен екі жасар баланың денесін тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Еске сала кетсек, төтенше оқиға сейсенбі күні кешке парк аумағында орналасқан Grand Floridian Resort & Spa қонақүйінің жанында орын алған. Онда үш баласымен әке-шешесі қыдырыстап жүрген. Осы кезде «Жеті теңіздің жағажайы» атты жасанды көлден алып қолтырауын секіріп шығып, екі жасар балаға шап берген. Әкесі баласына көмекке ұмтылғанымен, оны құтқара алмаған. Рептилия бүлдіршінді судың астына алып кетті.
Іздеу кезінде бес аллигатор өлтірілген. Қазір мәйітті тану рәсімі әлі аяқталмаған, алайда полиция құрбан болған баланы тапқанына сенімді.

​ҚазАқпарат
 
нравится:    902
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии