17 Декабрь
12:09
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 мамыр 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АҚШ прокурорлары Диас Қадырбаевқа жеті жыл сұрады
Прокуратура өкілдері американың Бостон қаласындағы (Массачусетс штаты) соттан қазақстандық студент Диас Қадырбаевқа жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады, ол бұдан бұрын 2013 жылы сәуірде Бостон марафоны кезінде жасалған лаңкестікті тергеуге кедергі келтіргені жайлы өзінің айыбын мойындаған. Бұл туралы  kazinform.kz  ТАСС қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.



«Қадырбаев марафонда жарылыс жасау туралы Царнаевтың жоспарын білді немесе қандай да бір рөлі болды деген бірде-бір айғақ жоқ», - деді прокуратура өкілдері. Алайда олар жас жігіттің «лаңкестікті тергеуге кедергі келтіруге тырысқанын» атап өтті.

Қадырбаев Бостонда террорлық әрекет жасап, осы айда өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевпен таныс. Қазақстандық студент өз айыбын 2014 жылы тамызда мойындады. Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, осылайша ол тергеумен келісімге барған. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуға болатын, алайда айыптау тарапынан келісімге келу жазаны төмендетуге алып келеді.

АҚШ билігінің мәліметтерінше, Қадырбаев пен  Царнаевты танитын тағы бір Қазақстан студенті Азамат Тәжаяқов жарылыстан кейін үш күннен кейін оған тиесілі пиротехника, ноутбук салынған рюкзагын жоқ қылған. Бұл тергеуді қиындата түсті. Жастардың мұны жаңалықтардан Царнаев пен оның інісі Тамерланның фотосуреттерін көргеннен кейін жасағаны нақтыланады.

Тәжаяқовтың соты болды. 2014 жылы шілдеде Бостонда сот төрешісі оған қатысты айыптау үкімін шығарды. Студент айыптаудың төрт тармағының екеуі бойынша айыпты деп танылды. Тәжаяқов пен Қадырбаевқа қатысты үкімді жариялау кейінге қалдырылды
нравится:    592
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии